Skip to main content

Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері


| Жаңалықтар

14 желтоқсан 2022 ж.  Қазақстанның Бас редакторлар клубы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасы ұйымдастыруымен «ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық» конференциясы (бұдан әрі Әзаға конференциясы) өтті.

Студенттер, магистранттар мен жас ғалымдарға арналған «Әзаға конференциясы» аясында қазақтың классик жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай өткізілетін «Махаббатсыз дүние бос...» атты республикалық эссе байқауы және Ә.Нұршайықовтың журналистік және әдеби шығармашылығы туралы жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына республикалық байқау жарияланды.

Жазушы туралы

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған.
© 2024 Әзілхан Нұршайықовты Еске Алу. Ресми сайты
Сайт құру: arctika.kz